«Дүкеніңді өртейміз» деп қорқытып, ай сайын 400 мың теңге талап еткен алаяқтар ұсталды – видео
«Дүкеніңді өртейміз» деп қорқытып, ай сайын 400 мың теңге талап еткен алаяқтар ұсталды – видео
Фото: polisia.kz
128
оқылды
Ақтөбеде «дүкеніңді өртейміз» деп қорқытып, ақша талап еткендер ұсталды, – деп жазады polisia.kz. Биыл 12 сәуірде полицияға 48 жастағы ер адам арызданды. Белгісіз біреулер «азық-түлік дүкенін өртейміз» деп қорқытып жүргеніне шағымданған. Күдіктілер ай сайын 400 мың теңге төлеуді талап еткен. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру барысында 100 мың теңгені беру кезінде төрт күдіктіні ұстады.   https://youtu.be/h3_G2VOxAks Екі күдікті Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың мүлкі тәркіленіп, үш жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Кеше Баян Алагөзова күйеуінің бизнесін тартып алмақ болғандардың есімін атаған болатын.