Алматыдағы ірі сауда орталықтарының бірінен адамдар эвакуацияланды. Қаланың төтенше және жедел қызметтері жарылғыш зат туралы хабарға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Forum» сауда-ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар Алматы қалалық полиция департаментіне түсті.
«Қазіргі уақытта қаланың төтенше жағдайлар қызметі эвакуациялау және тексеру шараларын ұйымдастырды. Саперлер жұмылдырылады. Сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері қауіпсіз жерге эвакуацияланды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Кеше Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан 11 ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар таратқан адам ұсталғаны белгілі болды.