Қаржы министрі Елбасы қызметін қамтамасыз етуге бюджеттен қаражат қарастырылғанын айтты
Қаржы министрі Елбасы қызметін қамтамасыз етуге бюджеттен қаражат қарастырылғанын айтты
179
оқылды
Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Елбасының жұмысына бюджеттен тиісті қаражат қарастырылғанын айтты. 
«Тұңғыш Президент-Елбасының жұмысын дұрыс қамтамасыз етуге бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған», - деді Е. Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына берген жауабында.
Десе де, министр бұл қаражаттың нақты сомасын айтпады.
«Нақты сомасын қазір айта алмаймын. Кейін арнайы сауалға ақпаратты бере аламыз», - деді Ерұлан Жамаубаев.