Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қазір мен интернеттегі «жұлдызбын» - қарағандылық прокурор

Азамат Қойшығара Азамат Қойшығара
Сәуір 20, 2022
Қазір мен интернеттегі «жұлдызбын» - қарағандылық прокурор 1
2.7k
қаралым

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің жетекшілігімен өткен аппараттық кеңесте қызық оқиға болды. Жиында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің басшысы Жұлдыз Бұламбекова да сөз сөйледі. Желі қолданушылары қадағалау органы өкілінің арнайы киімінің жарғыға сәйкес келмейтінін, оның оң иығындағы погоны қарама-қарсы бағытта бекітілгенін байқаған. Мұны Tengrinews.kz тілшісі жазды.

Бүгін Қарағанды облысының прокуроры неліктен погонын теріс тағып алғанын түсіндірді. Оның айтуынша, әкімдіктегі отырыс бейнеконференц байланыс арқылы таңғы сағат 8.30-да басталған.

«Бір күн бұрын жейдемді жудым. Таңертең асығыс болғандықтан, жейдеме погон тағуды жасөспірім қызыма тапсырғанмын. Сосын тез киініп, әкімдікке жүгірдім. Себебі, жиналыста бірінші сөйлейтінмін. Жолда, әкімдікте погонымның теріс тағылып тұрғанын ешкім айтпады. Бейнеконференцияға қосылып, баяндамамды оқыдым.

Бар болғаны осы. Үйде асығыс болғандықтан айнаға да қарап үлгермедім. Тек кейінірек, біраз уақыттан кейін жиналыстан шыққанымда, погондардың дұрыс салынбағанын білдім», – деп түсіндірді ол.

Бұламбекова бұдан былай жұмысқа киімін өзі дайындайтынын айтты.

«Қызыма ұрысқан жоқпын, кінәлі өзім ғой. Кішкентай қыз қайдан білсін. Бұдан былай погондарды өзім бекітемін. Болған жағдайға өкінемін. Қазір мен интернеттегі «жұлдызбын». Жалпы, мұндай оқиға менің өмірімде бірінші рет болып отыр», – деді басқарма басшысы.

Тегтер: Қарағандыпогонпрокурор
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшыларымыз қанша сыйақы алады?

Атырауда көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған ер адам видеоға түсіп қалды

Сарқанда бес жасар баланың мүрдесі қоқыста үш ай бойы жатқан

Қазақстанда темекі бағасы бірден  қымбаттауы мүмкін

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы бір банк өтінім қабылдауды бастады

Қостанайда жанып жатқан көліктен ер адамды құтқарған сәт видеоға түсіп қалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»