Сендер көшпенді болғансыңдар - өзге ұлт өкілі
Сендер көшпенді болғансыңдар - өзге ұлт өкілі
Әлеуметтік желіде қоғамдық көлікте болған даулы оқиға жайлы бейнежазба тарады. Онда әлдебір орыс кемпірі қазақтарға қаратып: "Сендерде мемлекет болған емес» дегенді айтады. Мұны жариялаған Turan KZ парақшасы "Егер үкімет Қазақстанда тұрып жатқан ұлтаралық араздықты қоздыратын орыс шовинистерінің аузын түбегейлі жабатын қатаң заң қабылдамаса, бұның ақыры жақсылыққа апармасы анық" деген тұжырым жасайды. Ал бейнежазбаға назар аударсақ, егде жастағы өзге ұлт өкілінің: «Сендерде мемлекет болған емес, сендер қоныстанушылар болғансыңдар, көшпенді болғансыңдар. Сендерде мемлекет Ресейдің арқасында кейін пайда болды", - дегені аңғарылады. Бізде «Түрік қағанаты болған» деп дауласуға тырысқан қазақтарды тыңдағысы да келмейді. Видеодағы жазбаға қарағанда оқиға Алматы қаласында орын алаған.   «Полиция шақырып беріп жіберу керек еді соларға, от салып жүргенін қарашы», «Аузын айырып тастау керек, құдығыңнан су ішіп, түкіріп кететін доңыздарды», «Ақ адал асыңды ішіп, кигізіңді тілді деген осы ғой, мұндай оңбағандар толып жатыр», «Мынау мыстан кемпір не дейді? Ұлтаралық араздықты қоздырушылар» деген сынды пікірлер қалдырды.