Банк ЦентрКредит Альфа-Банкты сатып алмақ
Банк ЦентрКредит Альфа-Банкты сатып алмақ
"Альфа-Банк" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ арасында "Альфа-Банк" Қазақстан ЕБ АҚ сату туралы келісім жасалды. ЦКБ мәліметінше, "ЦентрКредит" банкі қаржы мекемесінің қарапайым акцияларының 100 пайызын сатып алып, "Альфа-Банк Қазақстан" жаңа акционері болады. "Альфа-Банк" АҚ акционерлер құрамынан толық шығып, директорлар кеңесінен өз өкілдерін шақырады.
"Мәміле заңды аяқталғаннан кейін "ЦентрКредит" Банкі ребрендингін жүргізеді. Қабылданған шаралар банктің АҚШ пен бірқатар басқа елдің санкциялар тізімінен шығуына ықпал етеді. Осылайша, бұл жеке және заңды тұлғаларға арналған банктік қызметтердің толық спектрімен толық қазақстандық банк болады", - делінген хабарламада.