Павлодарда мектеп өртенді. Мектеп шатыры өртенген соң 551 бала эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Бүгін сағат 08.40-та Павлодар қаласында Торайғыров көшесінде орналасқан №28 орта мектептен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт мектептің 2-қабатынан басталған.
Жалпы 576 адам эвакуацияланды. Оның 551-і оқушы. Қызыл жалынды 50-ден астам адам сөндіріп жатыр.