Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің Әскери-тергеу басқармасының мәліметінше, генерал-майор Қайдар Қарақұлов тергеу изоляторынан босатылды.
«Бас прокурордың көмекшісі қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қажеттілігінің болмауына байланысты Қарақұловты уақытқа ұстау изоляторынан босатты» делінген ресми хабарламада.Кеше Жамбыл облысындағы қару-жарақ қоймасындағы жарылысқа қатысты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Қайдар Қарақұлов қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз. Ол биыл 15 наурызда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылған еді.