Бүгін Павлодарда мектеп өртенді. Өрттен 47 жастағы мұғалім зардап шекті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел орташа дәрежеде улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді.
«1975 жылы туған химия пәнінің мұғалімі №1 қалалық аурухананың терапия бөліміне жатқызылды, жағдайы тұрақты», – деді дәрігерлер.Бұған дейін Павлодарда мектеп өртеніп, 500-ден астам оқушы эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз.