Шымкенттегі №11 емхананың бұрынғы бас дәрігері Данияр Айтбаев бірнеше рет пара алғаны үшін 7 жылға сотталды, – деп хабарлады Qazaqstan.tv. Cонымен қатар медициналық мекеменің кадр мәселесі бойынша инспекторының да жемқорлық әрекеті дәлелденіп, жазаға кесілді. Сот оны айыбын өтеу үшін 8 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Олар емханадағы жұмыс орнын саудаға салған. Былтыр шілде мен қыркүйек айында невролог дәрігерді жұмысқа қабылдау үшін 300 мың теңге, ал медбикеден 100 мың теңге пара алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері екеуін пара алып жатқан жерінде қолға түсірді. Абай аудандық сотының үкімі бойынша енді олар мемлекеттік органдарда қызмет істей алмайды.