Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттау рәсімінен кейін мерекелік концертті тамашалады.

Рая Мінап Рая Мінап
Сәуір 21, 2022
Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысты 1
176
қаралым

Президент Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысымен танысты. Бұдан кейін МКҚ-ның 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

Мемлекет басшысы бұл құрылымның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде аса маңызды рөл атқаратынын, күзет қызметкерлеріне айрықша жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

– Ел басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық нысандарды, сондай-ақ шетелден келген мәртебелі меймандарды қорғау оңай жұмыс емес. Сіздер осы міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Бұл 30 жыл ішінде қалыптасқан игі дәстүр, сабақтастық екені сөзсіз. Бүгінде Күзет қызметінің әлеуеті орасан зор. Жауынгерлік техникалық және жедел әрекет ету мүмкіндіктері мол. Шын мәнінде, Мемлекеттік күзет қызметін нағыз патриоттардың ұжымы деуге болады. Ең жауапты сәтте Отан үшін аянбай, адал қызмет етіп келесіздер, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі шиеленісті геосаяси жағдайда Мемлекеттік күзет қызметінің түрлі сын-қатерлер мен қауіптерге дер кезінде төтеп беру мүмкіндігінің аса маңызды екеніне тоқталды.

– Жеке құрамның білімі мен біліктілігін одан әрі дамытып, мемлекеттік күзеттің бүкіл жүйесін жетілдіру қажет. Мемлекеттік күзет қызметі – ерекше құрылым. Сондықтан оған қойылатын талап та әрқашан жоғары болмақ. Сіздер  жүктелген міндетті шұғыл әрі тиімді атқарады деп сенемін. Мінсіз қызметтеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сала қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеп, бірқатарын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Атап айтқанда І және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендері, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары табысталып, Президенттің Алғысы жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттау рәсімінен кейін мерекелік концертті тамашалады.

Тегтер: Мемлекеттік күзет қызметіТоқаевшара

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

Оралда Toyota бағанаға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды

Ауыл шаруашылығы министрлігі космомониторинг жұмысы бойынша кемшіліктерді атады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»