Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қарағандыда науқас жігіттің дәрігерге шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

Видеода ер адам дәрігерді иығынан құшақтайды. Ол өз кезегінде жігіттің қолын алып тастайды. Алайда науқас бұл әрекетке ашуланып, дәрігердің бетінен ұра бастайды.

Рая Мінап Рая Мінап
Сәуір 21, 2022
Қарағандыда науқас жігіттің дәрігерге шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды 1
318
қаралым

Қарағандыдағы ауруханалардың бірінде науқас жігіт дәрігерге шабуыл жасаған сәті бейнекамераға түсіп қалған. Полицейлер жанжалға не себеп болғанын анықтап жатыр, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Әлеуметтік желілерде бейнебақылау камерасынан алынған видео тарап кетті. Онда науқас дәрігерді жағынан ұрған сәті таспаланған. Жанжал Қарағанды қаласының Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығында болған. Видеода ер адам дәрігерді иығынан құшақтайды. Ол өз кезегінде жігіттің қолын алып тастайды. Алайда науқас бұл әрекетке ашуланып, дәрігердің бетінен ұра бастайды.

Ауруханада дәрігерге шабуыл жасау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

«Аталмыш факт тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бұл жағдайға қатысты денсаулық сақтау басқармасы да мәлімдеме жасады.

«16 сәуірде профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы аурухананың жарақат пунктіне 1986 жылы туған ер адам оң жақ қол аумағындағы орташа ауырсыну мен ісінуге шағымданған. Науқастың айтуынша, ол  құлап, саусағын жарақаттап алған. Тексеру нәтижесінде «оң қолының жабық сынығы» диагнозы қойылып, бекітетін таңғыш салынған. Осыдан кейін пациент сүйектің қайта жылжуына жол бермеу мақсатында жедел емдеуге жіберілді. Алайда науқас гипс қоюдан үзілді-кесілді бас тартты. Ол дөрекі мінез танытып, кезекші травматологқа дене жарақатын салды», – деп хабарлады ведомстводан.

Зардап шеккен дәрігер құқық бұзушыны кешірмейтінін айтып, заңға сай жазалануын талап етпекші.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ОБЪЯВЛЕНИЯ НОВОСТИ КАРАГАНДА (@vsya_karaganda)

Тегтер: дәрігернауқасполицияұрушабуыл

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда 26 жастағы қызды зорлаған таксист пен оның танысы 8 жылға сотталды

Доллар бағамы 7,22 теңгеге қымбаттады

Халық Президент бастамаларын қолдап отыр – Ерлан Қошанов

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында қайтыс болды

1,1 миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі - Тоғжанов

Украинадағы соғыс 70-тен астам елді дағдарыс пен дефолтқа ұшыратуы мүмкін – БҰҰ

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд долларға жеткізіледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»