Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы департамент өңірлік прокуратурамен бірлесіп, Атырау мұнай өңдеу зауытының үстем жағдайын теріс пайдалану дерегін анықтады - деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
Монополияға қарсы департаменттің қорытындысы іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облысының прокуратурасына жіберілді, – деп хабарлады ҚР Бәсекелстікті қорғау және дамыту агенттігі.Ведомствоның хабарлауынша, өңірлік прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабы «Монополистік қызмет» бойынша «АМӨЗ» ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Іс 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.