Павлодар мектебіндегі өрт: оқушылардың бірі ауруханаға жатқызылды
Павлодар мектебіндегі өрт: оқушылардың бірі ауруханаға жатқызылды
171
оқылды
Павлодардағы бүгін өртенген №28 мектеп оқушысы медициналық көмекке жүгінді. Оқушы аурухананың соматикалық бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды inform.kz.
«Облыстық балалар ауруханасына сағат 19:28-де 8 «в» сынып оқушысы түсті. Ол 2007 жылы туған, №28 мектепте оқиды және өрт шыққан кезде сабақта болған. Эвакуациядан кейін үйіне қайтқан. Сосын ауруханаға процедураға барып, қайтадан үйіне барған кезде басы ауыратынын сезінген», - дейді Павлодар қалалық білім бөлімінен.
Білім бөлімінің мәліметіне сәйкес, ата-анасы жедел жәрдем шақыртқан. Қыз бала аурухананың соматикалық бөліміне жатқызылды. Қазір оның денсаулығы бір қалыпты.