Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Қарғайды-сілейді, тозақпен қорқытады – кәсіпкер араби тәрбие туралы айтты

Азамат Қойшығара Азамат Қойшығара
Сәуір 22, 2022
Қарғайды-сілейді, тозақпен қорқытады – кәсіпкер араби тәрбие туралы айтты 1
779
қаралым

Белгілі кәсіпкер, бизнес треньер Ахметбек Нұрсила әлеуметтік желідегі парақшасына қазақы тәрбие мен араби тәрбие туралы ойымен бөлісті. «Қазақы тәрбие алған жастарды бірден байқайсың: үлкенге ізетпен сөйлейді, қандай  нашар адам болса да жасына қарап сыйлайды, балағаттап сөйлемейді, боқауыз сөз айтпайды, қарғамайды, біреуді қорқытып, үркітпейді. Ондайды қазақ: «Тәрбие көрген, көргенді» деп айтады», – дейді Ахметбек.

Оның пайымынша, араби тәрбие алғандар бірден жазбаларынан, сөздерінен байқалып қалады. Олар жасың 70-те ме, 80-де ме, қарамайды, ұрыса жөнеледі,  үлкендердің жағасынан алуға дейін барады.

«Өте дөрекі, былапыт сөздерді көп айтады. Қарғап-сілейді. Тозақпен қорқытады, күшімен қорқытады, тағысын тағы… Ондайды қазақ. «Көргенсіз, тәрбиесіз» деп айтады. Өкінішке қарай осындай жастардың қатары күн санап артып келеді. Бұрын жоқ еді. Бұрын орыси тәрбиеден запа шеккен ұлт едік, енді арабы келіп осындай қылып жатыр», – деп қамығады кәсіпкер.

Жазбаға пікір қалдырғандардың бірі: «Мүмкін, сондай қазақылықты насихаттайын мультфильм, кино, сериал шығаруды үдету керек. Жылағаннан не пайда?» десе, енді бірі: «Мен ойлаймын, мынадай оймен пост жазып отырған адам – 100 % орыстың тәрбиесін көрген адам. Олардың ойындағы қазақылық сол кеңес одағында шығарылға қазақша филмдерді және кітапптарын, оқып қазақылық осы екен деп білген шолақ ойлы, белсенді адам» дейді. «Кеше біреу өзінің видеосында біздегі салафиттер мен сопылар арасында қарулы қақтығыс орын алуы мүмкін жақын болашақта депті. Араби тәрбие түбі ұрыс, төбелес, арты қарулы қақтығысқа апарады. Олар тіптен қару-жарақ жағынан қамданып та жатқан болар» деп болжам жасағандар да бар.

Тағы бір қолданушы: «Ең бастысы – ұлттық идеология! 1. Қазақ халқының салт-дәстүрі. 2. Қазақ халқының жері. 3. Қазақ халқының тілі. 4. Қазақ халқының дүниетанымы (Әруақты сыйлау). 5. Қазақ халқының тарихы. Осы 5 парыз ұлттық идеологияға кіру керек! Ұлттық идеология мемлекеттік деңгейде болуы керек!» деп тұжырым жасайды.

Тегтер: Арабдінтәрбие

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамның аузы бармайтын сөздерді айтып хайуан болды! – Дариға Бадықова

Біз ұялмаймыз!

Қазақпыз ба, мазақпыз ба?

Жұмбақ жігіт

Жоғалып кетіппін ғой...

Сабағыш сабаз

«Крыша» ма, крыса ма?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»