Қазақстандықтар 67 мың долларды қолдан жасаған
Қазақстандықтар 67 мың долларды қолдан жасаған
257
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері жалған ақша жасау фактілері бойынша 12 іс сотқа жіберілген. Оның ішінде 7 жағдай Нұр-Сұлтан қаласында тіркелсе, Батыс Қазақстанда 2 дерек және Маңғыстау облысында 2 дерек, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тағы бір-бір фактіден есепке алынған. «Қабылданған шаралар жалған банкноттардың сатылуына жол бермеді. Олардың жалпы саны 67 мың АҚШ долларын құрайтын 1200 данадан асады», - деп жазды ведомстводан. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында жалған шетел валютасын сақтау және сатумен айналысқан тұлғалар ұсталды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 55 700 АҚШ доллары, номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын 1 114 жалған банкнот тәркіленді. Тергеу нәтижесі сотқа жіберілді. Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.