Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Денсаулық

Отандық ғалымдар терең күйікті емдейтін таңғыш ойлап тапты

Азамат Қойшығара Азамат Қойшығара
Сәуір 22, 2022
Отандық ғалымдар терең күйікті емдейтін таңғыш ойлап тапты 1
160
қаралым

Отандық ғалымдар сиыр көкетінің шандырынан күйік пен ауыр жараны емдейтін таңғыш ойлап тапты. Ғалымдар бұл жаңалықтарын Ұлттық биотехнология орталығында өткен баспасөз мәжілісінде таныстырды. Идея авторларының мәліметіне қарағанда, «X-Graft» деген атауға ие биологиялық жабын ауыр күйік шалған, қант диабетіне, онкологияға шалдыққан науқастардағы терең жараны емдейді. Сиырдың париеталды қабырға көкетінің шандырынан жасалған таңғыш емдік қасиеті бойынша шетелдік баламаларынан кем түспейді.

Биотехнолог ғалым Вячеслав Огайдың айтуынша, бұл таңғыш коллаген мен эластиннің табиғи талшықтарынан жасалған. Оның үстіне адам терісіне ұқсас биомеханикалық қасиетке ие. Сонымен қатар оны стоматологияда қызыл иектің көлемін ұлғайтуға және тіс имплантының айналасындағы жұмсақ тіндердің көлемін өсіру үшін қолдануға жарамды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жылына 180 000 адамның өліміне түрлі күйіктер себеп болады. Қазіргі уақытта әлемде Аlloderm, Хe-Derma, Integra және Dermagraft сияқты аллогендік және ксеногендік биологиялық жараларды таңу арқылы күйіктерді емдеудің заманауи әдістері қолданылады.

«Бұл жабындар сауығу процесін тездетуге, жара инфекциясының алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ таңғышты ауыстыру кезінде науқастың ауырсыну деңгейін жеңілдете алады. Бірақ бағасы қымбат болғаны үшін қиындықтар бар», – дейді Огай.

Бүгінгі таңда биологиялық жабын Қарағанды қаласындағы профессор Х.Мақажанов атындағы көп салалы ауруханада және Алматы қаласындағы №4 клиникалық ауруханасында клиникалық зерттеулерден өткен.

Тегтер: жабынжаракүйік

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

Оралда Toyota бағанаға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды

Ауыл шаруашылығы министрлігі космомониторинг жұмысы бойынша кемшіліктерді атады

Өскемендік оқушылар антисептик шашатын робот жасады

Мен әлі өзімнің ең мықты соққымды жасаған жоқпын – Жәнібек Әлімханұлы

Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 42 бала қаза тапты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»