Машина жасау саласындағы отандық өнімнің үлесі 41 пайызды құрайды. Өткен жылы қазақстандық машина жасау кәсіпорындары ішкі нарықты жалпы құны 17 миллиард АҚШ долларын құрайтын өніммен қамтамасыз еткен. Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаевтың кездесуінде айтылды. Кездесуде Машина жасаушылар одағының басшысы саланың жай-күйі, қазіргі жағдайда алда тұрған міндеттер мен даму перспективалары туралы баяндады. 2021 жылы елдегі темір жол машинасын жасау 300 пайызға, ауыл шаруашылығы машинасын жасау 50,4 пайызға, тау-кен металлургиясы машинасын жасау 29,3пайызға, автомобиль өндірісі 24 пайызға артқан. Бұдан бөлек,басқосуда Машина жасау саласын дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасын іске асырудың жай-күйі сөз болды.
Ш.АТЫХАНҰЛЫ