Түркістан облысында полицейлерге әйел алтын бұйымдары ұрланғанына шағымданған. Полиция департаментінің мәліметінше, Шардара АПБ-ға арыз жазған жәбірленуші үйіне ұры түсіп, жатын бөлмесіндегі алтын жүзік, сырға мен бриллиант тасы бар әшейкей мен алқаларын жымқырып кеткенін айтқан. Шығын көлемі – 1,7 млн теңге. Полицейлер ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша істі тіркеді. Күдіктінің ізіне түскен полиция күдіктіні анықтады. Ұры жәбірленушінің күйеу баласы екені белгілі болды. Ол алтын бұйымдарды ұрлап, өз үйінің ауласындағы гаражға жасырып қойған. Әшекей бұйымдар иесіне қайтарылды.