Бас прокуратура өкілі Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты пікір білдірді  
Бас прокуратура өкілі Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты пікір білдірді  
Фото: baigenews.kz
360
оқылды
Бас прокуратура кәсіпкер, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын растады. Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Дархан Дүйсембайдың айтуынша, Қайрат Құдайберген 21 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Оны кеше, 21 сәуір күні ұстады. Мұны Алматы қаласының прокуратурасы БАҚ өкілдеріне растады»,– деді Дархан Дүйсембай.
Бұған дейін Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.