Сөзден сүрінген шенеуніктер
Сөзден сүрінген шенеуніктер
©www.inform.kz
"Ойланбай сөйлеген опық жер" дегендей, аузына келгенін сөйлеп, масқара болған шенеуніктер өте көп. Тіпті, олардың бұл әрекеттері әлеуметтік желіде кеңінен таралып, ел ішінде масқара болғандары да бар. Соларды тізбектесек... Еліміздің бұрынғы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 2020 жылдың наурыз айында бүкіл халық коронавирусқа шалдығып, пандемияға түсетіні жайында болжам жасаған. Соның дәл келгеніне қуанғаны соншалық, "наконец-то" сөзімен елдің приколын айналды. https://www.youtube.com/watch?v=zYi1xAqt4bw Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин журналистердің қойған сұрағына дөрекі жауап беріп, елді шулатқаны бар. https://www.youtube.com/watch?v=87DMSsvCHrA “Үңгір ұлтшылдығы” деп елдің намысына тиіп, жұртты шулатқан Дәурен Абаев қазір Мәдениет және спорт министрі болып отыр.   https://www.youtube.com/watch?v=I2cjhnEmiv4 Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркиядан келген құрметті қонаққа кигізбек болған шапанды өзі алып, елдің күлкісіне қалды.