23 сәуірден бастап eGov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін Digital ID бейне тексеру компьютердің камерасын қолданбастан қолжетімді болады, - деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ баспасөз қызметі. Бұдан былай кез келген адам ЭЦҚ-ны қашықтан ала алады.
"Ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейне тексеру сервисі - Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде QR-кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндік береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді", - делінген хабарламада.
"Біз азаматтардан көбінесе компьютерде камера жоқ немесе жұмыс істемейді деген пікір аламыз. Бұл өзгерістер ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін жеңілдетеді және ыңғайлы етеді", - деді ол.Жаңартуларды пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттап, бейне тексеруден өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет.