Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Нұрлан Мәсімовтің қанша пара алғаны белгілі болды. Бұл туралы журналист М.Козачков өзінің телеграм-арнасында жазды. Еске салсақ, бұған дейін Нұрлан Мәсімовтің 60 млн теңге пара алғаны туралы сөз болған. Алайда әлеуметтік желідегі дерекке қарағанда, оның алған парасы 60 млн емес, 150 млн теңге екені белгілі болды.