«Қазгидромет» РМК 23 сәуір күнгі күн райы болжамын жариялады. Кәсіпорын болжамына сәйкес, 23 сәуір күні еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 23 сәуір күні түстен кейін Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Шымкентте 23 сәуір күні кешке найзағай ойнап, дауыл тұруы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. 23 сәуірде Атырау облысының оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күн күркірейді. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Ертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 23 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан, облыстың шығысы мен батысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. 23 сәуірде түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз орталықта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Қызылордада күндіз 23 сәуірде найзағай ойнайды. 23 сәуірде күндіз Қарағанды облысының батысында күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 23 сәуірде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда 23 сәуірде күндіз солтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.