Елорда полицейлері ірі «марихуана» партиясымен есірткі сатушыны ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі. Ұзақ уақытқа созылған арнайы жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде арнайы операция жүргізілді, соның нәтижесінде елорда аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізудің «арнасы» жойылды. Мичурино кентіндегі жеке үйде көмір сақтауға арналған шаруашылық құрылыстарын тінту кезінде салмағы 42 келіден асатын «марихуана» есірткі заты бар 4 қап табылды. 53 жастағы үй иесі тыйым салынған қаражатты заңсыз иеленуге қатысы барын жоққа шығарды. Жеке тінту кезінде оның жанынан «гашиш» есірткі заты табылды. Сондай-ақ, үйді тінту барысында ПД Кинологиялық қызметінің қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, дәретханадан сатуға дайындалған салмағы 234 грамм «гашиш» есірткі заты бар 35 түйіншек табылды. Нәтижесінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 42,5 келіні құрады. Бұл жағдайда алынған есірткі құралдарының саны есірткіні тұтыну үшін 8.500 бір реттік дозаны құрайды, олардың «қара нарықтағы» құны 25 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар басқа күдіктілер анықталуда. Егер сізге есірткі және психобелсенді заттарды сақтау, өткізу фактілері белгілі болса, сондай-ақ оларға қатысы бар адамдар белгілі болған жағдайда Нұр-Сұлтан қ.ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына хабарлауға болады, күндіз 71-63-93, тәулік бойы 32-22 -22 немесе 102. Анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік беріледі. https://www.youtube.com/watch?v=xB3AWAvaaOI