Демалыс күндері доллар бағамы қандай болады?
Демалыс күндері доллар бағамы қандай болады?
Ұлттық банк доллардың 23-25 сәуірдегі теңгеге шаққандағы бағамын белгіледі. Демалыс күндері мен дүйсенбіде доллар бағамы 443,99 теңге болады. Айта кетейік, доллардың 22 сәуірдегі ресми бағамы 444,04 теңге болған еді. Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 444,24 теңге, сатылымда - 447,86 теңге. Нұр-Cұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 443,65 теңгеден сатып алып, 446,27 теңгеден сатып жатыр.