Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
133
оқылды
Жұлдыз Ешимова әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынын тағы бір қола жүлдемен толықтырды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Әйелдер күресі бойынша 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жұлдыз Ешимова жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол жұбаныш финалында өзбекстандық Актенге Кеунимжаевамен кездесті. Екеуара кездесу 5-1 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді. Айта кетерлігі, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының аталмыш құрлық біріншілігіндегі төртінші медалі.