Димаш Құдайберген қазақстандықтарды оппозициялық партияға кіруге шақырғаны рас па?

Димаш Құдайберген қазақстандықтарды оппозициялық партияға кіруге шақырғаны рас па?

Әлеуметтік желіде әнші Димаш Құдайбергеннің қазақстандықтарды  оппозициялық партияға кіруге шақырғаны туралы ақпарат тарауда. Stopfake.kz бұл ақпараттың фейк екенін хабарлайды.

"Бұл жаңалықтың дереккөзі – qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунты.Бұл парақшада шынайы және сенімді ақпараттар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған. Аккаунтта тек ойдан шығарылған «жаңалықтар» ғана шығарылады. Демек, әншінің оппозициялық партияларға қосылуға шақырғаны туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ",– делінген хабарламада.