Шымкентте жүріп келе жатқан автобус жүргізушісі есінен танып қалды
Шымкентте жүріп келе жатқан автобус жүргізушісі есінен танып қалды
276
оқылды
Шымкентте ара шағып алған автобус жүргізушісі есінен танып қалды. Оқыс оқиға Тұрар Рысқұлов пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында орын алған. Түркістан транспорттық компаниясына қарасты 72 бағыттағы жолаушылар көлігі жол жиегіндегі кедергіге (бордюр) соғысқан.
"Тексеру барысында полиция қызметкерлері жүргізуші өзін жабайы ара шағып алғаннан кейін жайсыз сезінгенін анықтады, салдарынан ол рөлді жолдың шетіне қарай бұрған, бірақ автобус тротуарға бір-ақ шыққан", – деп хабарлайды Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.