Қаржы мониторингі агенттігі QNET қаржылық пирамидасының жетекшілеріне қатысты тергеу басталғанын жариялады. «Агенттіктің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесі – QNET компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – делінген хабарламада. Компанияның Қазақстан аумағында тіркелмегені, кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтыны, банктік қызмет пен операцияларды жүргізуге лицензиясы жоқ екені атап өтілген. Іс бойынша сотталушылардың біріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.