Моңғолия мен АҚШ биологиялық зертхана құру туралы келіссөз жүргізбеді – СІМ басшысы
Моңғолия мен АҚШ биологиялық зертхана құру туралы келіссөз жүргізбеді – СІМ басшысы
278
оқылды
Моңғолия мен АҚШ биологиялық зертхана құру туралы келіссөз жүргізген емес, деп мәлімдеді Моңғолияның СІМ басшысы Батмунхийн Батцэцэг. Жақында Ресейдің кейбір жоғары лауазымды шенеуніктері бұқаралық ақпарат құралдарында "Ресей Украинада арнайы әскери операцияны бастағаннан кейін, Америка тарапы Моңғолиямен байланысып, биологиялық зертхана құру туралы мәселені талқылады" деп мәлімдеді. 17 сәуір күні Моңғолия сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Бұл ақпарат ресейлік газетті 4 рет және Қытайдағы БАҚ-та бір рет жарияланды. Осы орайда бұл ақпараттың жалған екенін айтқым келеді. Моңғолия бейбіт, ашық саясатын жалғастырып келеді. Қажет болған жағдайда өз қызметімізді ресейлік, халықаралық және қоғамдық ұйымдарға көрсетуге дайынбыз. Бізде моңғол қоғамдық ұйымдары шетелдік инвестициялар мен қаржыландыруды тарту арқылы жүзеге асырған барлық жоба, бағдарлама мен зерттеу туралы толық ақпарат бар. Атап айтқанда, біз адамдарға қандай жобалар күдік тудыратынын мұқият тексердік", - деді Моңғолияның СІМ басшысы Батмунхийн Батцэцэг.