Тоқаев жастарға: Мен сіздерге сенемін (видео)
Тоқаев жастарға: Мен сіздерге сенемін (видео)
384
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ботаникалық бақтағы видеосы жарияланды.  Видеоны "БОРТ №1" Telegram-арнасы жариялады. Сенбілік барысында Президент эковолонтерлермен және жастар кадрлық резервінің мүшелерімен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа, жалпы экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек деп санайды. "Тал дегеніміз – қасиетті ұғым. Біз тал-теректерді, табиғатты қорғауымыз керек. Баршаңызға алғыс айтамын. Сіздер Қазақстанның болашағысыздар. Жаңа Қазақстанды ел болып, ұлт болып, мемлекет болып, бәріміз бірге құруға кірісуіміз қажет. Аманшылық болса, екінші республиканы өркендетеміз. Жалпы келешегіміз жақсы, айқын, жарқын болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында. Мен сіздерге сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.