Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
185
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Алматы қаласында 25 сәуір күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, 24-25 сәуір найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

24 сәуірде Ақмола облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда 17-22, тау асуларында 25 м/с. Шымкент қ.: 24 сәуірде таңертең және күндіз қатты жаңбыр. Кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Түркістан қ.: 24 сәуірде кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

24 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 24 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

24 сәуірде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20, облыстың орталығында күші 25 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 24 сәуірде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр, дауыл, найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 25 м/с соғады. Өскемен қ.: 24 сәуірде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с соғады. Семей қ.: 24 сәуірде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с соғады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы, тау етегіндегі аудандарында қатты жаңбыр, 24 сәуірде найзағай, таулы және тау етегіндегі аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі.

24 сәуірде күндіз Қарағанды облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі.

Қарағанды қаласында 24 сәуірде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.