Кассадан алған пойыз билетін енді онлайн қайтаруға болады
Кассадан алған пойыз билетін енді онлайн қайтаруға болады
Сурет: inbusiness.kz
170
оқылды
Сәуір айынан бастап төлем әдісіне және қай жерде сатылғанына қарамастан, барлық электрондық жол жүру құжаттары бойынша орындарды онлайн қайтаруға болады, деп хабарлайды Informburo.kz сайты.  Ол үшін пойыз жүретін уақытқа дейін 1 сағаттан артық уақыт болуы тиіс. Орынды қайтаруды рәсімдеу үшін:
  • BILET.RAILWAYS.KZ сайтының басты бетінде "Талап бойынша орынды қайтару" қосымша бетін таңдау;
  • қажетті бағандардың бәрін толтырып, орынды қайтару туралы түбіртекті жүктеп алу қажет.
Орындарды қайтару туралы толық ақпаратпен осы сілтеме арқылы өтіп танысуға болады. "Жолаушылар тасымалы" АҚ пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін ақша қаражатын қайтару орын сату жүйесіне қайтарылған жағдайда жүргізілетінін еске салады.