Қарағанды облысында екі бала терезеден құлады

Қарағанды облысында екі бала терезеден құлады

Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«23 сәуірде Теміртау қаласының Шевченко көшесіндегі бір қабатты жеке тұрғын үйде ата-анасының қарауынсыз қалған бала баспалдаққа көтеріліп, абайсызда үйдің сыртқы баспалдағынан құлап кеткен. Баспалдақтың биіктігі 3 метр. 2020 жылы туған қыз ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Қарағанды қаласында да осындай оқиға болды.  2013 жылы туған бала 3-қабаттың терезесінен құлаған. Ол  да ауруханада жатыр.