Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге көлік қағып өлтірді
Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге көлік қағып өлтірді
179
оқылды
Алматы облысында әйелді көлік қағып өлтірді. Оның жанында екі баласы болған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Жол апаты 23 сәуірде түнде Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында болған.
"19 жастағы жүргізуші екі баласы бар 36 жастағы әйелді қағып кеткен. Үш жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Сараптамалар тағайындалып, ЖКО дерегі бойынша қылмыстық тергеу басталды. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.