Мектептегі дәретхана мәселесін қыркүйекке дейін шешеміз – Сапарбаев
Мектептегі дәретхана мәселесін қыркүйекке дейін шешеміз – Сапарбаев
© otyrar.kz
366
оқылды
Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мектептегі көше дәретханалары проблемасы қашан шешілетінін, сондай-ақ, оқу орындарын бейнебақылау камераларымен жабдықтау мәселесін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Бейнекамералар, көше дәретханалары және басқалары бойынша. Біз Президенттің тапсырмасымен өзімізге міндеттемелер алдық. 1 қыркүйекке дейін бәрін жасаймыз», – деді Сапарбаев Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин оқу орындарынан тыс бейнежазба мұрағатын жасауды сұрады. Оған әкімшілік қол жеткізе алмауы және өшіре алмауы керек. «Ал бейнекамералардың полиция бөлімдерімен интеграциялануына қатысты айтсам, олар да барлығын көріп отыруы үшін бұл міндетті түрде жүзеге асады. Сондай-ақ, әрине, күзетке қатысты: біз қазір аудан орталығы және облыс орталықтарына күзеттің барлығын ведомстводан тыс қылып ауыстыру керегін айттық. Қазіргідей емес. Онда негізінен ата-әжелер отырады, міне, нәтижесі осы», – деді ол.