Петропавлда әйелін жерлеген ер адам үйінде өртеніп кетті
Петропавлда әйелін жерлеген ер адам үйінде өртеніп кетті
Сурет: soumen82hazra
245
оқылды
Петропавлда өртенген жер үйдің шаңырағы ортасына түсті. Оның үстіне өртке оранған үйге өрт сөндірушілер келіп жеткенше, газ баллоны жарылған. Оқиға орнында 60 жастағы үй иесі ажал құшты, - деп хабарлайды КТК арнасы Қайғылы жағдай кешкісін болған. Халық аузында «КосогОр» шағын ауданы атанып кеткен аумақтағы лапылдаған өрттің беті қатты болғаны сонша, ол бірнеше шақырымнан көрініп тұрған. От бірден қатар орналасқан төрт бірдей құрылысқа жайылған. Өрт сөндірушілер алты минутта келіп жеткеннің өзінде үш ағаш үй мен монша лаулап жанып кетті. Куәгерлердің айтуынша, үйлердің бірінде газ баллоны жарылған. Өрт сөндірілген соң күйіп қалған 60 жастағы азаматтың денесі табылған. Көршілері оның осыдан бес күн бұрын әйелін жерлегенін айтады. Өрт сол үйден шыққан.
"Өрт сөндіруге қатты соққан жел кедергі келтірді. Оның үстіне үйлер бір-біріне тым жақын орналасқан. От бірден шатырларға тиіп үдеп кетті. Түк қалмай күйіп кеткен ортадағы үйде басталды өрт. Арасында тіпті екі метрлік орын жоқ. Сығылыстырып сала берген", - деді Петропавл қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Болат Жұмажанов.