Балқашта вагон жөндеушінің аяғын пойыз басып кетті
Балқашта вагон жөндеушінің аяғын пойыз басып кетті
Сурет: dendoktoor
Балқашта вагон жөндеуші екі аяғынан айырылды. Рельсте жүрген жұмысшы қауіпсіз жерге қашып үлгермеген, деп хабарлады elorda.info сайты.
Сағат 23.45-те машинист Балқаш станциясының 4-рельсінде жүрген адамды көріп, тежеуішті шұғыл басқанымен пойызды тоқтату мүмкін болмаған.
"Ер адам Балқаш қаласының Орталық қалалық ауруханасына жеткізілді. Пойыз басып кетуінің мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", – дейді Балқаш станциясы желілік полиция бөлімінің басшысы Темірлан Машрапов.