"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай болжанады. Таулы және тау етегіндегі аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі. Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде желдің күші 15-20 м/с жүреді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман болады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда, күндіз таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Шымкент қаласында 25 сәуірде түнде кей уақытта найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түнде 25 сәуірде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз 25, таңертең және күндіз 27 сәуірде қатты жаңбыр күтіледі.