Қазақстандық сериал халықаралық фестивальде бірден екі жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық сериал халықаралық фестивальде бірден екі жүлдені жеңіп алды

SERJAN BRATAN веб-сериалы АҚШ-та өткен халықаралық фестивальде екі бірдей жүлдені еншіледі, деп жазады Salem social media компаниясы Instagram парақшасында.

«Сериал Best Drama және Best in Directing аталымдары бойынша үздік болып танылды», -деп көрсетті  Salem social media компаниясының баспасөз қызметі.
Еске салайық, SERJAN BRATAN веб-сериалы 2021 жылы ұсынылып, Қазақстандағы ең танымал фильмдердің біріне айналды. Жобаның авторы, режиссері және продюсері Әлішер Өтев («Брат или брак», «5:32»).