Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды
Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды
379
оқылды
Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген 1 айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді» - деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.