Мұғалімдердің біліктілігін анықтайтын тесті тапсыру кейінге қалды – ҰТО
Мұғалімдердің біліктілігін анықтайтын тесті тапсыру кейінге қалды – ҰТО
Фото: time.kz
866
оқылды
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тестілеудің барлық түрі техникалық ақауларға байланысты кейінге шегерілетін болды, – деп жазды zakon.kz.
25 сәуір – 3 мамыр аралығында өтетін оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі (МОДО), білім беру ұйымдарын бағалау критерийлері және мұғалімдерге арналған Ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰБТ) қоса алғанда,  яғни тестілеудің барлық түрі кейінге қалды.
ҰБТ-ның күні мен уақыты туралы ақпарат мамыр айынан бастап «Менің тарихым» бөліміндегі аккаунтта қолжетімді болады. Техникалық себептермен ҰБТ тапсыра алмағандар тоқтатылған сәттен бастап тестілеуді жалғастыра алады. Алдыңғы белгілеген жауаптары сақталады. Бұған дейін Алматыда тест тапсыруға келген мұғалім қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.