AMANAT: Рамазан айында 30 отбасына қайырымдылық жасады

AMANAT: Рамазан айында 30 отбасына қайырымдылық жасады

Мың айдан да қайырлы Рамазан айы – игілік, береке, кешірім, мейірім және қайырымдылық айы. Рамазан айының құрметіне AMANAT партиясы Павлодар облыстық филиалы мен облыстық мәслихаттың депутаттары аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасына қолдау білдіріп, қаржылай көмек пен азық-түлік себеттерін үлестірді. AMANAT партиясының «Халыққа көмек» партиялық жобасы әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін азаматтарға барынша көмек қолын созуды мақсат етеді.   Партияластар қасиетті Рамазан айында 30 отбасына қайырымдылық көмегін көрсетті. Көмекке мұқтаж сондай жандардың бірі – жалғыз тұратын 71 жастағы Нұрбибі Шәукебаева. Павлодар трактор зауытының шойын құю цехында 30 жылдай қызмет еткен зейнеткер, әйел затына тән емес ауыр жұмыс істеп, денсаулығынан айырылған. «Қазір өмір сүру өте қиын. Бірақ елімізде AMANAT сияқты партия бар екеніне алғысымды айтамын. Бұл патриоттық партия. Әсіресе, партия бізге әлсіз қарттарға көмектеседі. Мен біздің елімізге және AMANAT партиясына жаңа табыс, шабыт тілеймін», – деп ықыласын білдірді Нұрбибі Шәукебаева. Аманаттықтар мүгедіктігінен жағдайы нашарлап кеткен Наталья Александроваға барды. Наталья Александрованың денсаулығы мүшкіл болғанына қарамастан, қиындықпен күресуге, өмір сүруге деген талпынысы көңілді қуантады.

«Үйім жалға алынған, анам қайтыс болды. Мен екі жыл бойы мемлекеттік баспаналарда тұрдым, енді бір жарым жыл бойы бөлме жалдап тұрып жатырмын. Үшінші топтағы мүгедек болған соң, мүгедектер үйіне орналастырмайды. Маған тағы да үш ота жасату қажет. Депутаттарға алғысым шексіз, кеше маған балдақ алып берді, бүгін азықпен қамтамасыз етті. Нағыз бақыт - бұл өз ішіндегі күш»,– деді Наталья Александрова.
Көмек алған отбасылар аманаттықтарға ізгі тілектерін білдіріп, алғысын айтты. «Шынында да, бұл адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болды. Біздің партияның Павлодар облысындағы қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіргендер. Біздің аудандық филиалдарымыз да осындай бастаманы қолға алды. Біздің міндетіміз – адамдарға, азаматтарымызға көмектесу, бұл бізге артылған жауапкершілік және қасиетті Рамазан айында партия белсенділік танытуы тиіс деп санаймын», - деді партияның облыстық филиаланың атқарушы хатшысы Илья Теренченко. Бұл іс-шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, Jas Otan жастар қанатының белсенділері, партияның облыстық филиалының қызметкерлері мен бастауыш партия ұйымдары етене араласып, мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін таратуды қолға алды.