"Әскерге күшпен алып кетті": Қорғаныс министрлігі Шымкентте түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді
"Әскерге күшпен алып кетті": Қорғаныс министрлігі Шымкентте түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді
© видеодан алынды
170
оқылды
22 сәуірде полиция қызметкерлері Шымкент қаласында жоспарлы рейдтік шаралар өткізді. Атап айтқанда, қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың шақыртуымен келмегендер мен әскерден жалтарғандарды іздестіру жүзеге асырылды. Нәтижесінде шақыру учаскесіне 6 шақырылушы жеткізілді, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі
"Өткізілген рейдтік шаралардың қорытындысы бойынша ата-аналар немесе әскерге шақырылушылар тарапынан қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға шағымдар түскен жоқ. Сонымен бірге мәлімделген мекенжайда тұрмайтын әскерге шақырылушыларға шақыру қағаздарын беру мәселесі өзекті болып қала береді. Оларды ата-анасы жасырады. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша шақыру қағазын алған 300-ден астам шақырылушы медициналық комиссиядан өту үшін шақыру учаскелеріне келмеген", – делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі әскерге шақыруда медициналық комиссия мен әскери қызметтен жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Открывай Шымкент (@open.shymkent)