22 сәуірде полиция қызметкерлері Шымкент қаласында жоспарлы рейдтік шаралар өткізді. Атап айтқанда, қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың шақыртуымен келмегендер мен әскерден жалтарғандарды іздестіру жүзеге асырылды. Нәтижесінде шақыру учаскесіне 6 шақырылушы жеткізілді, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
"Өткізілген рейдтік шаралардың қорытындысы бойынша ата-аналар немесе әскерге шақырылушылар тарапынан қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға шағымдар түскен жоқ. Сонымен бірге мәлімделген мекенжайда тұрмайтын әскерге шақырылушыларға шақыру қағаздарын беру мәселесі өзекті болып қала береді. Оларды ата-анасы жасырады. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша шақыру қағазын алған 300-ден астам шақырылушы медициналық комиссиядан өту үшін шақыру учаскелеріне келмеген", – делінген хабарламада.Қорғаныс министрлігі әскерге шақыруда медициналық комиссия мен әскери қызметтен жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.