ШҚО-да кек алғысы келген ер адам танысының үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды Polisia.kz. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында наурыз айының ортасында Алтай ауданы полиция бөліміне кезекші бөліміне Заводская көшесіндегі үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Пәтердің иесі 58 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Келтірілген залалдың сомасы 5 000 000 теңгеге бағаланды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жедел-тергеу тобының қызметкерлері УПИ-мен бірлесіп күдіктінің жеке басын анықтап, оны дереу ұстаған. Күдікке ілінге 58 жастағы аудан тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында күдікті осыған дейін араларында кикілжің туған танысының үйінен шамамен 50 000 теңгенің азық-түлігін ұрлап, осымен тоқталмай араздасқан танысының үйін өртеп жіберген.