Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогынан 5 жүлде жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогынан 5 жүлде жеңіп алды
216
оқылды
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогынан бір алтын, үш күміс және бір қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 23-24 сәуір күндері Польшаның Познань қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті. Аталған бәсекеге дзюдодан Қазақстан жастар құрама командасы қатысты.  Ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар тізімі келесідей:  Алтын - Мерей Марханбетов (60 келі) Күміс - Нұрқанат Серікбаев (60 келі) Күміс - Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі) Күміс - Жұрқамырза Шүкірбеков (-100 келі) Қола - Нұрсұлтан Жұбатқан (60 келі)