19 адамға несие рәсімдеген банк қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
19 адамға несие рәсімдеген банк қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
271
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы банктердің бірінде жұмыс істейтін жас жігіт 19 адамға заңсыз несие рәсімдеген. Полиция қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды polisia.kz.  Құқық қорғау органдарына бірінші болып Қарағанды қаласының тұрғыны арызданды. Белгісіз біреу 50 жастағы әйелдің мойнына 2 миллион 100 мың теңгенің несиесін "іліп" кеткен. ергеушілер несиенің астанадағы банктердің бірінде рәсімделгенін анықтап, тәртіп сақшылары жәбірленушінің жеке мәліметтерін алуға мүмкіндігі бар адамды іздестіруге кіріскен.
"20 сәуірде шұғыл іздестіру шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері 19 жастағы қала тұрғынын құрықтады. Ол заңсыз кредит рәсімделген қаржы ұйымының менеджері болып шықты", - дейді полицейлер.
Сотқа дейінгі тергеу аясында жігіттің тағы тура сондай 18 қылмыс жасағаны анықталды. Құрбандардың барлығы – басқа өңір тұрғындары. Қазіргі кезде залалдың сомасы есептеліп жатыр.