Конституцияның идеялық әлеуеті екі бағытты көздейді
Конституцияның идеялық әлеуеті екі бағытты көздейді
237
оқылды
Біріншісі – қоғамдық процестерді демократияландыру. Ол мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасында болатын процесс. Екіншісі – мемлекеттік институттар ішкі және сыртқы заманауи сын-қатерлерді ескере отырып, үлкен құ­қықтық мәртебеге, бәсекеге қабілеттілікке ие болады. Бұл аспектіде Президенттің рөлін, оның мемлекеттік билік жүйесіндегі өкілеттіктерін шектейтін нормалар қарастырылған. Бұл – Екінші Республика жағдайында суперпрезиденттік билік жүйесінен күшті Парламентке көшу. Егер осы іс-шараларға ғылыми, тұ­жырымдамалық сипатта қарайтын болсақ, онда Президент Конституция кепілінің рөлін күшейту жолын таңдады деп айта аламыз. Сондай-ақ ол тек елдің басшысы, Ата Заңымызға енгізілген конституциялық құндылықтардың кепілі ғана емес, одан бөлек конституционализм идеясының кепілі ретінде әрекет етеді. Бұл жерде Мемлекет басшысының өкілеттіктері қысқарып қана қоймай, биліктің басқа тармақтарының, Парламент пен мәслихаттың рөлі күшейеді. Сондай-ақ мемлекеттік билік жүйесінде жеке тұлғаның құқықтық қорғалуын күшейтетін ережелер қарастырылған.

Индира ӘУБӘКІРОВА, заң ғылымдарының докторы